Аймақтар • 27 Ақпан, 2018

Ақтауда су жиналатын он участкенің құрылыс жұмыстары аяқталды

486 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2017 жылы Ақтау қаласына дренаждық жүйе құрылысын салуға қала әкімдігінен 45млн. 835мың тенге бөлінді. Қаладағы жаңбыр Су жиналатын 12 учаскенің, қазіргі таңда 10 участкесінің  құрылыс жұмыстары аяқталды. 

Ақтауда су жиналатын он участкенің құрылыс жұмыстары аяқталды

ТЖ алдын алу және оның салдарын жоюдағы арнайы шараларды жүзеге асыру үшін күш-құрал топтары жасақталған, оған 924 құрайтын жеке құрам және  308  бірлік  техника, 10 жүзу қайықтары, 42 Су сорғыш құралдар (мотопомпа), сонымен қатар қажет болған жағдайда 7 шұғыл ден қою жасақтарының  575 жеке құрамы және 112 бірлік техникалары жұмылдырылады.  

-Су басу қатерлерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған іс-шаралар кешені» Жол картасына  Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданының дренаждық жүйелері құрылысын салуға 2 жоба еңгізілді. Құрылыстың жалпы қаражаты 2,048621 млрд. теңге құрайды, деді бұл туралы Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар  департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев

Атамекен, Басқұдық ауылдық округтеріне жер асты суларымен жауын суларын ауыл сыртына шығару үшін дренаж жүйесін және нөсерлі канализациясын салуға ЖСҚ-сы жасақталған болатын. Жобаның жалпы құны 1, 443 млн.теңге (Басқұыдық ауылдық округіне 428,8 млн.теңге. Атамекен ауылдық округіне 1013, 9 млн. т). 2018 жылығы нақтылау кезінде қаржы қарау үшін Қаржы министрлігіне ұсыныс берілді.

Ал, Жаңаөзен қаласына қарасты Бостандық, Рахат, Жұлдыз, Ақсу, Мерей  ауылдық округтеріне дренаж жүйесі құрлысын салуға ЖСҚ-сы жасақталған. Жобаның жалпы құны 605,0 млн.теңге. Қаржысы «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша сұралуда.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024